Сұлтанмахмұт Торайғыров

Рисунок1

Торайғыров Сұлтанмахмұт (1893-1920) — ойшыл, ағартушы, ақын Көкшетау өңірінде дүниеге келғен. Әкесінің аты — Әубәкір. Анасынан ерте айырылып, жетім өскен. Балалық шағының басым бөлігі, бүкіл саналы ғұмыры Павлодар облысының Баянауыл ауданында өткен. Троицк, Семей, Томск қалаларында білім алған. «Айқап» журналының хатшысы болып істеген. Өлеңмен жазылған «Қамар сұлу» романының авторы.

Шәкірт ойы

Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың көгіне,
Күн болмағанда, кім болам?
Мұздаған елдің жүрегін,
Жылытуға мен кірермін!
Еңбек, бейнет  тарауы
Рақатқа сарқылар.
Қыздырып күннің қарауы
Надандық теңізі тартылар.
Орны отайып көгерер,
Қызығын жайлап ел көрер.
Тұрмыс, тағдыр — бірі  де
Бұл мақсаттан бұра алмас;
Қаһарман, Рүстем, Әлі де
Бұрам деп жолда тұра алмас.
Сыланған жардың күлісі,
Алдандырмас бірісі.

Это слайд-шоу требует JavaScript.


Реклама